Филиалдың анықтамалық-ақпараттық қоры (ААҚ) электрондық және қағаз жеткізгіштердегі стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен жинақталған және 30 мыңнан астам бірлікті құрайды. ААҚ құрамына құжаттар кіреді:

  • Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары-ҚР СТ;
  • мемлекетаралық (аймақтық) – МЕМСТ;
  • халықаралық стандарттар – ISO, IEC;
  • Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары-ГОСТ Р;
  • Беларусь Республикасының ұлттық стандарттары-СТБ;
  • қағидалар, ұсынымдар, басшылық құжаттар-ҚР Қ, ҚР Ұ, ҚР БҚ;
  • санитарлық нормалар мен ережелер (СанПиН);
  • Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері;
  • оларға дәлел базасы бар Кеден одағының техникалық регламенттері.

Біздің мүмкіндіктер:

  • стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды өзектендіру (ҚР СТ, ҚР СТ, РСТ, ҚР ҚҰ, МЕМСТ, МЕМСТ Р, РМГ, ПМГ және т.б.);
  • филиал қызмет көрсеткен кезде клиентті ақпараттық сүйемелдеу;
  • кәсіпкерлерге ұйымдардың стандарттарын әзірлеуге, өнімнің каталог парақтарын (ӨКП), таңбалауды жасауға практикалық көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасы ұйымдарының стандарттарын және өнімнің каталог парақтарын (ӨКП) бекіту алдында тексеру жүргізу;
  • нормативтік құжаттардың мәтіндерін, жобаларын орыс тілінен мемлекеттік тілге, мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару;
  • стандарттау мәселелерінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету.