Филиалдың метрологиялық қызметінде тексеру және сынау жабдықтарының 251 бірлігі бар. Өлшем құралдарын тексеруді өлшемнің 15 түрі бойынша 8 аттестатталған салыстырып тексеруші жүзеге асырады:
- геометриялық шамаларды өлшеу;
- массаны өлшеу;
- күш пен қаттылықты өлшеу;
- қысымды өлшеу;
- қозғалыс параметрлерін өлшеу;
- газ сұйықтықтарының шығыны мен мөлшерін өлшеу;
- тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу;
- физикалық-химиялық өлшемдер;
- жылуфизикалық өлшеулер;
- оптикалық-физикалық өлшемдер;
- электр шамаларын өлшеу;
- уақыт пен жиілікті өлшеу;
- радиотехникалық өлшеулер.
Метрологиялық қызмет мамандары келесі қызметтерді көрсетуге дайын:
- сынау жабдықтарын аттестаттау бойынша;
- талдау, сынау және өлшеу зертханаларындағы өлшеулердің жай-күйін бағалау бойынша;
- өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу бойынша.