Филиал мамандары тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығу тегі туралы сараптама актілерін беру бойынша қызмет көрсетеді:
- “СТ KZ” нысаны бойынша ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат алу үшін;
- Қазақстан Республикасынан экспортталатын және кері экспортталатын тауарлар үшін.
Тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысымен бекітілген тауардың шыққан елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру және тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі қағидаларда айқындалған.
Тел.: +7 (7282) 25 45 19, 25 19 49